Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жас суретшінің көрмесі

Жас суретшінің көрмесі

Жастар жылына тарту. Қаламыздағы Студенттер сарайында жас суретші Айя Спамбетованың көрмесі ашылды. Қылқалам иесі 60-тан астам туындысын келушілер назарына ұсынды. Жас суретшінің шығармашылығына қызыққандар сол мезетте тапсырыс та беріп жатты.

Айя Спамбетова мүмкіндігінің шектеулі екендігіне қарамастан, өнерге шексіз ғашық. Бүгінде ол Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «графикалық дизайн» мамандығы бойынша грант иегері. Сурет салуды жанындай жақсы көретін Айяның портрет жанрында 60-тан аса еңбегі бар.

Студент Айяның есімі халықаралық дарынды балаларға арналған энциклопедия беттерінде жазулы тұр. Енді ол «үздік студент». Университет басшылығы оған төсбелгі тақты. Ал жас суретшінің анасы қызының талабы мен талантына ерекше тәнті. Жанынан табылып, демеп отырады. Құрбылары да Айяны үлгі етеді.

Жастар жылы аясында ұйымдастырылған шараға Жұбанов университеті қолдау білдірді. Көрме екі аптаға созылмақ.

Гүлбағда Қайратқызы