Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Пәндік олимпиада қорытындыланды

Пәндік олимпиада қорытындыланды

2019 жылдың 29 наурызында Жұбанов университетінің «Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының ұйымдастыруымен қаладағы колледждер мен жалпы білім беретін мектептердің түлектері арасында «Орыс тілі мен әдебиеті» пәнінен облыстық пәндік олимпиада өткізілді.

Олимпиада жұмысына 34 оқушы қатысты. Қатысушыларға үш тур бойынша жазбаша және ауызша тапсырмалар ұсынылды. Олимпиадаға қатысқан барлық оқушылар мен колледж студенттері сертификаттарға ие болды. Қорытындысында  І дәрежелі дипломмен Аида Үсенова (Ақтөбе қаласы, № 61 ОМ), Валерия Клименко (Ақтөбе қаласы, № 26 ОМ),          ІІ дәрежелі дипломмен  Гүлназ Ормағанбетова (Ақтөбе гуманитарлық колледжі), Анастасия Юдакова (Ақтөбе қаласы, № 23 ОМ), ІІІ дәрежелі дипломмен Диана Саршина (Қандыағаш қаласы, №4 ОМ), Анастасия Грошева (Ақтөбе қаласы,  № 20 ОМ) марапатталды.

Динара Бекниязова,

филология факультеті