Понедельник, Ноябрь 18, 2019
Басты > Жаңалықтар > 2019-2020 оқу жылының І жартыжылдығына халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қабылдау өтуде

2019-2020 оқу жылының І жартыжылдығына халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қабылдау өтуде

Халықаралық ынтымақтастық орталығы 2019-2020 оқу жылының І жартыжылдығына халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша серіктес — шетелдік жоғары оқу орындары ТМД, Азия, Еуропа және АҚШ елдеріне үміткерлер қабылданатынын хабарлайды.

Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша жіберілетін білім алушыларды іріктеу конкурстық негізде келесі талаптарға сәйкес жүзеге асырылады:

— Жоғары үлгерім, GPA 3,0 жоғары;

— шет тілін меңгеруі, IELTS, TOEFL, HSK, TOPIK сертификаттарының болуы;

— академиялық қарыздың болмауы;

— оқу тәртібі мен этикалық нормалар бұзылуының болмауы;

— ЖОО-ның ғылыми және қоғамдық өміріне белсенді қатысу.

Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасының үміткерлері үш кезеңді конкурстық іріктеуден өтеді: тізім бойынша құжаттар пакетін тапсыру, шет тілін меңгеру бойынша тестілеу және сұхбаттасу.

Қажетті құжаттар пакетінің тізбесімен университет сайтында «Халықаралық байланыстар» бөлімінде таныса аласыздар: https://icc-arsu.wixsite.com/ortalyq/akademicheskaya-mobilnost

Құжаттарды тапсыру мерзімі 2019 жылдың 15 сәуіріне дейін.

Барлық сұрақтар бойынша академиялық ұтқырлық бөліміне хабарласуға болады (Технопарк ғимараты, 3 қабат, 21 кабинет).

Академиялық ұтқырлық бөлімі