Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жастарға патриоттық тәрбие беру

Жастарға патриоттық тәрбие беру

Бүгін тарих факультетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Ауған соғысы: тарихы мен тағдыры» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараға Ауған соғысының ардагері, «Құрмет» орденінің иегері және «Ер-Бақыт» спорттық-патриоттық клубының жетекшісі Марат Қойлыбаев пен Ауған соғысының ардагері Ақтөбе облыстық «Боевое братство» қорының құрушысы, локалді соғысының қатысушысы Гумер Галеев қатысты. Іс-шара барысында Отанымыздың мүдделерін қорғау жөнінде сөз қозғалып, студенттерді азаматтық борыш пен құқықтық міндеттерін орындауға шақырды.

Ардагерлер ауыр соғыс күндері туралы әңгімелеп, ақыл кеңестерімен бөлісті. Студенттер сұрақтар қойып,  жас ұрпаққа Отанына деген сүйіспеншілікті, Отан алдындағы борышын сезінуге, елдің тарихын, әскерді, жауынгер – интернационалистерді құрметтеуге тәрбиелеу тақыраптарында ой бөлісті.