Қостанай қаласында Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатының жеңімпаздары анықталды.
Қазақ күресінен 1999-2001 жылы туған жастар (жігіттер және қыздар) арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты өз мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ең мықты балуандар бозкілемде барын салып, өзара мықтыны анықтады. Жарысқа 18 өңірден 385 спортшы қатысқан.
Чемпионатта Жұбанов университетінің Физика-математика факультетінің «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенті Дамир Руменов 1 орынға ие болды.
Құттықтаймыз!