Воскресенье, Декабрь 8, 2019
Басты > Жаңалықтар > Студенттер олимпиададан олжалы қайтты

Студенттер олимпиададан олжалы қайтты

Жақын күндері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасында XI Республикалық пәндік олимпиада өтті.

Республикалық пәндік олимпиада «5В060400 — Физика», «5В060500 – Ядорлық физика», «5В061100 – Физика және Астрономия», «5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», «5В071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандықтары бойынша ұйымдастырылды.

Қазақстанның барлық аймақтарының жоғары оқу орындары қатысқан олимпиада Жұбанов университеті де қалыс қалмады. Аталмыш шараға университеттің  «Физика» мамандығының 1-курс студенті Әділет Қабас пен 2-курс студенті Мақсат Жақсылықов қатысып, жүлделі 3 орынға ие болды.

Құттықтаймыз!