Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Бүгінгі студент — ертеңгі маман

Бүгінгі студент — ертеңгі маман

Жұбанов университетінің филология факультетінде бітіруші түлектердің кәсіби педагогикалық практикасының қорытынды отырысы  өтті.

Жиында  студенттер тәжірибе жинақтау барысында кездескен қиыншылықтар мен жетістіктері туралы ойларын ортаға салды. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттерінің айтуынша,  практика кезінде оқушылармен тіл табысу, олардың ата-аналарымен бірлесіп тәрбие шараларын өткізу  қызықты болған. Ал, «Қазақ тілінде оқытпайтын қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері орыс мектебінде сабақ беру оңайға болмағанын айтады. Себебі, оқу ордасында білім таза қазақ тілінде берілгенмен,  орыс мектебіндегі кездескен басты қиындық орыс тілінде сөйлесу қиындыққа соққанынын жасырған жоқ.

Жиынға қатысқан №40, №56, №17 мектеп ұжымы тәжірибе жинақтаған студенттер  туралы жылы лебіздерін білдіріп, мектеп атынан педагогикалық практикаға жетекшілік еткен Б.Мұратбекке, А.Умирбаевқа, А.Кушкимбаеваға және студенттер А.Бақыш, Ж.Таштиева, Н.Әбсадықоваға  Алғыс хаттар табыс етті.

Сондай-ақ Ақтөбе гуманитарлық колледжінің оқытушысы Ақпатша Алдоңғарова колледжде тәжірибе жинақтаған «Қазақ филологиясы» мамандығының  студенттері М.Қарасай, Б.Ізтілеу,  Д.Жоламановалардың  жүргізген сабақтары мен өткізген тәрбие шараларына ризашылығын білдіріп, оларды Алғыс хаттармен марапаттады.

Аталмыш шараға қатысқан университеттің Ғылыми-инновациялық бағдарламалар департаментінің директоры Берікхан Иісбек студенттердің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.

Филология факультеті