Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Елбасы мақаласын талқылады

Елбасы мақаласын талқылады

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болып табылатын Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры»  атты мақаласы аясында Жұбанов университетінің Жоғары колледжінде «Ұлы дала – Мәңгілік ел тірегі» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге ақтөбелік кәсіпкер, «Ер-Бақыт» спорттық-патриоттық клубының төрағасы Марат Қойлыбаев пен  университет профессоры Бауыржан Жүнісов қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар пікір алмасып, өз ұсыныстары мен ойларын ортаға салды.  Онда олар  Ұлы даланың жеті қыры — атқа міну мәдениеті, ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, «Алтын адам», түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы туралы сөз қозғады.

Кездесуде «Ер-Бақыт» спорттық-патриоттық клубының төрағасы Марат Қойлыбаев бұл мақаланың болашақ ұрпақ үшін маңыздылығына назар аударды. Сөз соңында Марат Айтуғанұлы үйін өрт шалған, онда анасын мен бауырларын құтқарған колледж білім алушысы Ақтілек Нұрланқызын Алғыс хатпен марапаттады.

Сондай-ақ, дөңгелек  үстелде Бауыржан Арыстанұлы ең үздік сұрақ қойған үші студентке авторлық «Экономикалық ілімдер тарихы» атты кітабын сыйға тартты.

Кездесу соңында колледж білім алушылары қонақтарымен естелік суретке түсті.