Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ғылым мен өндіріске аналған семинар

Ғылым мен өндіріске аналған семинар

Жұбанов университетінде ғылым апталығы аясында «Дизайн» кафедрасында болашақ графикалық дизайнерлерді дайындауда ғылым мен өндіріс мәселелеріне арналған ғылыми семинар өткізілді.

Ғылыми семинарды ашқан университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров өндіріс менеджерлеріне университетпен тығыз ынтымақтастықта, ғылыми жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады.  Маркетинг орталығының директоры Жанат Абильдаева оқытушы Юлия Кузнецовамен орталық қызметкерлерінің «Жұбанов кітапханасы», «Универсиада-2019 командасына арналған Жұбанов киімі», «Университеттің навигациялық жобасы» бірлескен ғылыми жобасы  туралы баяндады.

Семинар соңында Юлия Кузнецова, Рита Кушева «Дизайн» мамандығының 4-курс студенттері графикалық дизайн туралы баяндамалар жасады.

«Дизайн» кафедрасы