Среда, Август 21, 2019
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбе облысындағы бірнеше тарихи-мәдени ескерткіш күрделі жөндеуден өтеді

Ақтөбе облысындағы бірнеше тарихи-мәдени ескерткіш күрделі жөндеуден өтеді

Ақтөбе облысындағы бірнеше тарихи-мәдени ескерткіш күрделі жөндеуден өтеді

Биыл Ақтөбе облысында бірнеше тарихи-мәдени ескерткіш күрделі жөндеуден өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қыз әулие» күмбезіне консервация, ал «Керуен сарай» тарихи-архитектуралық кешеніне реставрация жасалады. Облыс орталығында 4 бірдей батырдың ескерткіші орнатылады. Жалаңтөс Баһадүр, Есет пен Едіге батырлармен қатар, Бауыржан Момышұлының еңселі ескерткіші бой көтереді. Осы жұмыстар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалады. Жалпы бұл жоба біраз игі іске негіз болды. Мысалы «Туған жерге тағзым» акциясы кезінде былтыр 786 жоба іске асты. 3,2 млрд теңге қайырымдылыққа жұмсалды. Меценаттар 5 мектепті жөндеп берді. Ал «Бақытты бала» жобасымен 25 ай-ти кабинеті ашылып, 27 робототехника алынды. Сондай-ақ демеушілер тұрғын үй жинақ жүйесінен есепшот ашып, мыңға жуық жетім балаға алғашқы жарнаны жинауға көмек беріп жатыр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жұмыстар жергілікті оқу орындарында да жалғасуда.

Рахым Бекназаров, Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ ректорының орынбасары:

– «Жұбанов сериясы» бойынша 21 кітапты шығарып, оны оқулық есебінде пайдаланып отырмыз. Біз латын тілінде түркі студенттеріне арналаған арнайы Қазақ елі орталығында оқулығымызға презентация жасадық. «Киелі Қазақстан» бойынша археологтар және этнографтармен біріге отырып, Шоқан Уәлиханов атындағы тарихи институтпен, Марғұлан атындағы ұлттық музеймен бірігіп, 4-5 бағытты дамытып отырмыз.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/308352-a-t-be-oblysynda-y-birneshe-tarikhi-m-deni-eskertkish-k-rdeli-zh-ndeuden-tedi