Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Шетелдік ғалым болашақ заңгерлерге дәріс оқиды

Шетелдік ғалым болашақ заңгерлерге дәріс оқиды

Жұбанов университетінің бекітілген жоспарына сәйкес шетел мамандарын тарту бойынша экономика және құқық факультетінде «Құқықтану» мамандығының студенттері үшін заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ключко Римма Николаевна дәріс оқиды.

Ключко Римма Николаевна — Я.Купалы атындағы Гроднен мемлекеттік университетінің «Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика»кафедрасының меңгерушісі (Беларусь Республикасы).

Римма Николаевна —  «Current problems of the penal law and criminology. Aktuelle probleme des strafrechts und der kriminologie: monograph.- Warszawa : Wydawnictwo C.H.Beck, 2017; Merkmale und fragen der strafrechtlichen beurteilung des verstosses gegen das transplantationsverfahren gemaess der gesetzgebung der Republik Belarus, — Szczytnо, 2017 сынды  160-тан астам ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың авторы.  Янка Купала Гроднен мемлекеттік университетінің жемқорлыққа қарсы комиссиясының мүшесі, «Я. Купала атындағы Гроднен мемлекеттік университетінің хабаршысы. 4-ші серия. Құқықтану» ғылыми журналының редакциялық алқасының мүшесі. Гродно қалалық прокуратурасымен және Гродно облыстық атқару комитетінің білім беру бөлімімен бірге «Құқықтық білім мектебі» жобасының жетекшісі.

Шетелдік ғалым 10–19 сәуір аралығында  «Құқықтану» мамандығының 2-3 курс студенттеріне қылмыстық құқық, жедел-іздестіру теориясы, прокурорлық қадағалаудың кең ауқымды тақырыптары, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері  бойынша дәрістер өткізеді.

         Самал  Мухтарова,

экономика және құқық факультеті