Среда, Август 21, 2019
Басты > Жаңалықтар > Магистранттардың ғылыми тағылымдамасы

Магистранттардың ғылыми тағылымдамасы

Жұбанов университетінің «Филология» мамандығының 2-курс магистранттары Жанаргүл Бірманова, Юлия Гриненко, Жұманияз Шомпаков, Виктория Чапаева 1-12 сәуір аралығында Ресей Федерациясының Орынбор мемлекеттік университетінде халықаралық тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама барысында магистранттар ғылыми-зерттеу әдістемесі саласындағы танымдарын тереңдетті.  Сондай-ақ, олар университет  профессорларының қызықты және мазмұнды дәрістеріне қатысты.   Магистранттар диссертация жұмысының тақырыптары аясында тек қана ОПУ оқытушыларымен ғана емес, өте бай кітапхана қорымен де жемісті еңбек етті.

 

Динара Бекниязова,

 филология факультеті