Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Асхат Ерғабылов университет ғимаратымен танысты

Асхат Ерғабылов университет ғимаратымен танысты

Бүгін Жұбанов университетінде Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті, Ведомствоаралық үйлестіру және өңірлік өзара іс-қимыл басқармасының басшысы Асхат Ерғабылов қонақта болды.

Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында Ақтөбеге арнайы сапармен келген Асхат Бейбітұлы университеттің оқу ғимаратын аралап, материалдық базасымен  танысты.  Басқарма басшысы «Темірқазық студенттерге қызмет көрсету орталығы», «ҚР Тұңғыш Президент атындағы электронды оқу залы», «Ситуациялық орталық»,  «Конфуций институты», «Баспасөз қызметі» кабинетін аралады.

Кездесуде Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры Қарылғаш Сатыбалдина университеттің бүгінгі тыныс-тіршілігі жайлы  әңгімелеп, университеттегі жастар саясаты туралы және атқарылып жатқан істерді тілге тиек етті.

Басқарма басшысын университеттің  ситуациялық орталығы ерекше таңдандырды. Ақтөбедегі Жұбанов университетіне алғаш рет келгенін айтып, «Әрине, бастамаларыңыз жақсы екен. Әлі де алдағы күндері Ақтөбе өңіріндегі оқу ордасымен толықтай танысу үшін бір күн арнап келемін», — деді (күліп).