Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігінің 2019 жылдың 5 сәуірінде өткен Аккредиттеу Кеңесі университетіміздің 6 білім бағдарламасын 7 және 5 жылдарға аккредиттеу жөнінде шешім қабылдады.

Ескертеміз, 2018 жылдың 12-14 желтоқсан аралығында аталған Агенттік тарапынан құрылған сыртқы сарапшылар комиссиясы университетіміздің:

  • 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті
  • 5В012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • 5В012200-Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • 5В011800-Орыс тілі мен әдебиеті
  • 5В020500-Филология
  • 6М020500-Филология білім беру бағдарламаларына мамандандырылған аккредиттеу рәсімін өткізген болатын.

Университет ұжымының аккредиттеуге дайындық кезіндегі қажырлы еңбегі, ұжым мүшелерінің іс-шараларды үлкен жауапкершілікпен атқаруы, білім бағдарламаларының жұмыс берушілері мен түлектерінің аккредиттеу рәсімі аясында өткізілген сұхбаттасуға белсенді түрде қатысуы маңызды кезеңнен сәтті өтуге негіз болды.

Аккредиттеуден сәтті өткен барлық мамандықтар ұжымын алған белестерімен құттықтаймыз!

 

 

 

Аккредиттеу және рейтинг бөлімі