Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ақтөбелік студенттер бір ай бойы балалар ауруханасын безендірді

Ақтөбелік студенттер бір ай бойы балалар ауруханасын безендірді

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 3 курс студенттері балалар ауруханасын безендіріп берді.

Архитектуралық дизайн бөлімінің екі студенті бір ай бойы сабақтан кейінгі уақыттарын балалар ауруханасында өткізген.

«Аураханаға барып жұмыс жасаған өзімізге де ұнады. Бұл біздің алғашқы жобамыз. Біз аурухана дәлізін безендіруде ашық түстерді таңдап, түсінікті формаларды қолдандық. Ем алып жатқан балалар қасымызда ойнап, салған суреттерді қолдарымен ұстап жүрді», — дейді 3 курс студенті Риза Ұлықпанова.

Студенттерге мұндай жобаға қатысуға облыстық жастар саясаты басқармасынан ұсыныс жасалған.

«Балалар ауруханасын безендіру үшін бір айға жуық жұмыс жасадық. Сабақтан кейінгі уақытта балаларға қуаныш сыйлауға тырыстық. Экологиялық таза бояулардың барлығын аурухана әкімшілігі алып берді. Біз тек сурет салу жұмыстарымен айналыстық. Мұндай әлеуметтік жобаларға болашақта да қатысамыз деп ойлаймыз», — дизайнер мамандығының 3 курс студенті Дамира Жаңабаева.

 

http://www.aktobenews.kz/2019/04/15/aqtobelik-studentter-bir-aj-bojy-balalar-auruxanasyn-bezendirdi/