Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жастар саясаты > Облыстық пікір сайыс турнирі аяқталды

Облыстық пікір сайыс турнирі аяқталды

«Жастар жылына» орай өткізілген «Жастар форматы» фестивалінің аясында «Жас Отан» жастар қанаты мен Жұбанов университетінің Жаратылыстану факультеті бірлесіп «Болашақ кілті – жастар қолында» атты факультеттің декан кубогіне арналған облыстық студенттік лига пікір сайыс турнирін өткізді.

Аталған шараны ұйымдастырушы Жаратылыстану факультетінің 4-курс студенті Мөлдір  Маннаптың айтуынша, турнирге Ақтөбе облысының жоғары оқу орындары мен колледждерінен 20 фракция қатынасуға ниет білдірген.

Турнирге М.Оспанов атындағы БҚММУ, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті, Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі, Ақтөбе политехникалық колледжі және Жұбанов университетінің Экономика және құқық факультеті, филология факультеті, тарих факультетінің студенттері қатысты.

Қазіргі кезде, пікірсайыс турнирі  жастардың ойлау қабілеттерін шыңдайтын, ораторлық мүмкіндігін дамытатын, белсенді азаматтық көзқарас қалыптастыруда және өз ойын ашық білдіруге, сенімділікке, шешендік өнерге, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін жастардың көп қызығушылық білдіретін саласы. Турнир барысында жастардың арасында бүгінгі күннің өзекті мәселелері қозғалып, олардың шешімдерін табу жолдары қарастырылды.

Турнир нәтижесінде I орынға  «Доминация» фракциясы (М.Оспанов атындағы БҚММУ), ІІ орынға  «Аутсайдер» фракциясы (М.Оспанов атындағы БҚММУ), III орынға «Шаң басқан архивтерден табыламыз» фракциясы (Жұбанов университеті) мен «Vip-Жалын» фракциясы (М.Оспанов атындағы БҚММУ) ие болды. Ал,  Жұбанов университетінің  студенттері Азат Оразалин «Үздік спикер» және Амангүл Устенова «Үздік төреші»  атанды.

Облыстық пікір сайыста жеңіске жеткен фракциялар университет және «Жас Отан» жастар қанатының бағалы сыйлықтарымен, дипломдарымен марапатталады.