Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті Геннадий Головкинге жанкүйерлік танытты

Жұбанов университеті Геннадий Головкинге жанкүйерлік танытты

Бүгін барлық бокссүйер қауым көптен күткен Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альбарестің кәсіпқой жекпе-жегін тамашалады. Барлық республикалық телеканалдар бұл жекпе-жекті тікелей эфирден көрсетті.

Жұбанов университеті ұжымы мен студенттері Қазақстандық кәсіпқой боксшымыз Геннадий Головкинге университеттің Студенттер сарайында LED-экраннан QAZSPORT телеканалынан тікелей эфирде тамашалап, жанкүйерлік етті.

Лас-Вегастың T-Mobile 20 мың адамдық аренасына жиналған жанкүйерлер мен телеэкраннан тамашалаған бокссүйер қауым бұл күні нағыз жекпе-жектің куәсі болды. 12 раундқа созылған жекпе-жекте екі кәсіпқой боксерде өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді. Аталмыш жекпе-жекте Геннадий орта салмақтағы әлем чемпионы төрт титулын – WBC,WBA (Super), IBF және IBO қорғады.

Жұбанов Университеті студенттері Геннадий Головкиннің әр соққысына қол соғып, жерлесіміздің жеңіске жетуіне шын жүректен тілектестік білдірді. Төрешілердің шешімімен, Головкин мен Канелоның жекпе жегі тең дәрежеде аяқталғанмен, қазақ елі Геннадиймен әркез мақтанады!