Среда, Июнь 26, 2019
Басты > Жаңалықтар > Студенттер үздіктер қатарында

Студенттер үздіктер қатарында

Жұбанов университетінің  шетел тілдері факультетінің студенттері «ҚХА және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының  аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Мукарама Габдсаттарованың  жетекшілігімен  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен VI Халықаралық Фараби оқулары аясында «IDEA» студенттердің ғылыми Клубы ұйымдастырған «Ұлы Даланың жеті қыры: философиялық талдау» атты республикалық философиялық эссе байқауына қатысты.

Байқауға Алматы, Семей, Ақтөбе, Атырау, Шымкент қалаларының ЖОО студенттері қатысып, философиялық ойлау тереңдігін, өз ойын жеткізе білу шеберлігін көрсетті.

Эссе байқау нәтижесінде шетел тілдері факультетінің студенттері  Ақбота Сейпенова және Дарина Мусина 2-орынға ие болды.

Құттықтаймыз!