Вторник, Январь 28, 2020
Басты > Хабарландырулар > Жұбанов университеті бос қызметтерге конкурс жариялайды

Жұбанов университеті бос қызметтерге конкурс жариялайды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны төмендегі  бос қызметтерге конкурс жариялайды.

Кәсіпорынның орналасқан мекен-жайы — индексі 030000, Ақтөбе қаласы, ағайынды Жұбановтар көшесі, 263-үй.

 

Кафедра доценті  –  6 (алты) бірлік
Математика кафедрасы 1 (бір)
Физика кафедрасы 1 (бір)
Қазақ әдебиеті кафедрасы 1 (бір)
Ағылшын және неміс тілдері кафедрасы 1 (бір)
Педагогика және психология кафедрасы 1 (бір)
Қаржы және есеп кафедрасы 1 (бір)
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын тараптар:  жоғары білімі, ғылыми атағы,  кемінде аға оқытушы қызметінде — 5 жыл ғылыми-педагогикалық  еңбек өтілі болуы.
Аға оқытушы  -15  бірлік
Химия және химиялық технология кафедрасы 1 (бір)
Тарих және дінтану кафедрасы 3 (үш)
География және туризм кафедрасы 1 (бір)
Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы 1 (бір)
Металлургия және тау-кен ісі кафедрасы 3 (үш)
Құрылыс кафедрасы 2 (екі)
Педагогика және психология кафедрасы 1 (бір)
Мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасы 1 (бір)
Қаржы және есеп кафедрасы 1 (бір)
Мемлекеттік басқару және маркетинг кафедрасы 1 (бір)
Кафедраның аға оқытушысы біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі және оқытушы қызметінде  еңбек өтілі кемінде 5 жыл немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыстағы өтілі кемінде 5 жыл  немесе ғылыми дәрежесі болуы тиіс.
 Оқытушы  -3  бірлік
Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы 1 (бір)
Экология кафедрасы 1 (бір)
Педагогика және психология кафедрасы 1 (бір)
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын тараптар:  жоғары білімі,  мамандығы бойынша кемінде 3 жыл еңбек өтілі  немесе магистр академиялық атағы болуы.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап  күнтізбелік  14 ( он төрт ) күн ішінде жүргізіледі.

Құжаттарды тапсыру мекен жайы: Ақтөбе қаласы, ағайынды Жұбановтар көшесі,263, кабинет 1, тел: 8 (7132) 55-24-68.