Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Халықаралық байланыс > Форум аясында жаңа кабинет қолданысқа берілді

Форум аясында жаңа кабинет қолданысқа берілді

Физикалық-математикалық бағыттағы  Назарбаев Зияткерлік мектебімен  жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыру мақсатында 2017 жылдан басталған  3,4 курс студенттерін тағылымдамадан өткізуге  арналған «Үйрен-бөліс» жобасы биыл да жүзеге асырылып отыр. 

Соған орай бүгін Жұбанов университетінде  Елбасының Жастар жылына орай «Студент-түлек-маман» республикалық форумы  аясында «Үйрен-бөліс» оқу кабинеті ашылды. Аталмыш кабинет университеттің физика-математика факультетінде қолданысқа берілді. Жиынға университет проректорлары, факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері, Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері және мектеп директоры Сабыржан Сәдуақасов қатысты.

Кабинеттің ашылуында ректор Бауыржан Ердембеков   университеттегі тың жаңалықтарды атап өте келе, «Үйрен-бөліс»  оқу кабинетінің ашылуы символикалық жағынан республикалық форумның нәтижелі жұмыстарының бірі екендігін тілге тиек етті.

«Математика» мамандығының 3-курс студенті Гаухар Оразбақова «Үйрен-бөліс» оқу кабинетінің жұмысымен таныстырып, жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері туралы баяндады.

Жиын қорытындысында декан Алтыншаш Упуқызы Бекбауова факультет студенттері үшін әдістемелік кабинет болатынын жеткізді.