Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Білім ордасындағы «Ашық есік күні»

Білім ордасындағы «Ашық есік күні»

Бүкіләлемдік  білім берудің негізгі мақсаты — білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор болып табылады.

Жұбанов университетінің кәсіби бағдар беру жұмысының басты міндеті — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекет жасау.  Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне байланыстырып алынған мамандыққа қажеттілігін тәрбиелеуді қажет етеді.

Университеттің кәсіби бағдар беру бөлімінің  және ұтқырлық тобы 2019 жылдың 15-19 сәуір аралығында дәстүрлі түрде өтетін «Ашық есік күнін» жүргізді.

Шараға Ақтөбе қаласының және аудан мектептерінен 400-ден астам түлектері  қатысты. Оқушылар іскерлік ойындар, бизнес кейстер, шеберлік кластарына қатысып, білім ордасының барлық мамандықтарымен  терең таныса білді. Кәсіби бағдар беру бөлімі  мен ұтқырлық тобы оқушыларға университеттің материалдық-техникалық базасын таныстырып, академиялық ұтқырлықтың жайында ақпараттар берді.  Кездесу барысында оқушылар шетелдерде білімдерін қосымша жетілдірген студенттерден академиялық ұтқырлықтың маңыздылығы туралы және университеттің бүгінгі таңда көптеген  шетел мемлекеттерімен байланысы туралы сұрақтарымен бөлісті.

Ашық есік күні  еркін форматта өтті, қатысушылар тарапынан жастарға тән ынта-жігерлер, болашаққа деген үлкен жоспарлары байқалды.

Жыл бойына университет ұжымының тынбай жүйелі түрде жұмыс атқарғаны мектеп ұстаздары, ата-аналар және талапкерлердің жылы лебіздерінен байқалды. Жасөспірімдерге берілген саналы кәсіби бағдарға, ашық есік күні шарасы аясында университет өмірімен танысуға жасалған мүмкіндіктер үшін білім ордасы басшылығына және кәсіби бағдар беру бөліміне алғыс білдірді.

Кәсіби бағдар беру бөлімі