Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті «Менің болашақ мамандығым» жәрмеңкесіне қатысты

Жұбанов университеті «Менің болашақ мамандығым» жәрмеңкесіне қатысты

2019 жылдың 19 сәуірі күні Шалқар ауданында аудандық жастар ресурсы орталығының ұйымдастыруымен «Менің болашақ мамандығым» атты үгіт-насихат жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге Ақтөбе қаласындағы 5  жоғарғы және 13 арнаулы оқу орындарының өкілдерімен бірге Жұбанов университеті де  қатысты.

Үгіт-насихат жәрмеңкесі екі пунктте ұйымдастырылды. 19 сәуір күні танертең Шалқар қаласынан Қауылжар ауылдық округіне қарасты ГКС-12 ЖОББ мектебі базасында өткізілді. Аталған шараға жоғарыда аталған оқу орны өкілдерімен бірге Бершүгір орта мектебі, М.Тәжин атындағы орта мектебі, Ақтоғай және ГКС -12 орта мектептерінің  9, 11 сыныптың 100-ден астам оқушылары қатысты.

Жәрмеңкенің екінші кезеңі  Шалқар қаласындағы №8 орта мектепте жалғасты. Аталған мектепке №1, №2, №3, №4, №5, №6, №7, І.Үргенішбаев атындағы мектеп, Т.Шанов атындағы мектеп, Тоғыз орта мектебі, Қарашоқат, Қорғантұз орта мектебінің ата-аналары  мен 700-ге жуық оқушысы қатысты.

Жәрмеңке барысында әр оқу орнының өкілдері өз білім ордасы туралы ақпараттар беріп, оқу орнының ерекшеліктері туралы баяндады. Сондай-ақ, Жұбанов университеті мен Жоғары колледж өкілдері  Нұрлыгүл Аликулова, Бота Темирова оқу орнымыздың тарихы, материалдық-техникалық, ғылыми базасы, даярланатын мамандықтары, оқу орнының білім алушыларға көрсететін жеңілдіктері мен  көмектері, білім жетілдіру бағытындағы қызметтері т.б. ақпараттармен таныстырды. Талапкер мен ата-аналар тарапынан берілген сұрақтарға жауаптар берілді.

Кәсіби бағдар беру бөлімі