Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жастар саясаты > «Startup Bolashak – Менің арманым» екінші күн

«Startup Bolashak – Менің арманым» екінші күн

Бүгін Жұбанов университетінде «Startup Bolashak – Менің арманым» стартап-жобалар байқауының облыстық іріктеу кезеңінің екінші күні өтті. «Менің арманым» байқауын өткізудің басты мақсаты —  өмір сапасын арттыруға бағытталған, қоғамдық маңызы бар, алдыңғы қатарлы білім алудың арқасында еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріне технологияларды енгізуге негізделген жас кәсіпкерлердің бизнес бастамаларын қолдау.

Байқауға қатысушылар алдымен университеттің иИнновациялар мен кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры Әсел Шетиева өткізген «Нарықтағы орынды таңдау» және «Канвас» бизнес моделі» атты тренингтерді тыңдады.

Шараға Ақтөбе қаласының ақпараттық порталының директоры Гүлнұр Ещанова, «Media Craft» студиясының негізін салушысы Берік Қоймашев, «Media Pro» агенттігінің құрылтайшысы Әлібек Баяубаев болашақ тәлімгер ретінде қатысты.

Ақтөбе облысында байқауға қатысуға шамамен 500 өтінім жиналды. Бүгінгі күні университет студенттері, колледждер, мектептер, аудандар мен дербес қатысушылардың 74 жобасы ұсынылды.

Университеттің физика-математика факультетінің 1-курс студенті Сұлтан Мұрат: «Бүгін боттардан сұхбат алу үшін жобаны ұсынамын. Чат бот — бұл сіздің сұрақтарыңызға жауап беретін интеллект, сұраныстың жазбаларын, контактілерді сақтайды. Бүгін мен ресейлік кәсіпкерлермен жұмыс істеймін. Мысалға, компания үшін  «Make me quick» жылдам сұхбат боттарын жасағанмын», -деді. Бағдарламалаудағы инновацияларға қызығушылық танытқан бұл қатысушы табыс әкелетін бұл жобаны дамыта бастады. Осындай жобаны Жұбанов университетінің физика-математика факультетінің студенттері «Digital net» командасын тәлімгерлерге ұсынды. «Сөйлесу боттарын жасаудан басқа, бүгін «Smart Art» жобасын ұсындық. Бұл суреттерде қолданылатын векторлық графика», — дейді Тамерлан Жамалов. Айта кету керек, «Digital net» командасының жобалары жиынға қатысқан барлық тәлімгерлерді қызықтырды.Сондай-ақ, жобаға қатысушылардың бірі Ақтөбе қаласының тұрғыны, Гүлден Зейнолл  байқау туралы Whats Upp желісі арқылы білген. «Бұл жарыс әлеуметтік жобаны жасаудың мотивациясы болды. Мен жұмысқа орналасуға, тұрғын үй алуға, сондай-ақ құжаттарды табуға көмек қажет адамдарға көмектескім келеді. Өкінішке орай, көшеде осындай адамдар көп. Мен көкөністер өсіріп, көкөніс өсіретін жер сатып алғым келеді, сосын оларды сата аламын. Бұдан басқа  жобаларымды бар», — дейді Гүлден.Байқауға қатысушылар Бағдагүл Өмірзақова мен Манас Мырзабай «Әлемдік өнер» атты әлеуметтік жобаны жасады. Олардың жобасы 16-30 жас аралығындағы жастарды шешендік, театр, кино және модельдік өнерге дайындау және қолдауға бағытталған. «Қалада тек қана балалар үшін шығармашылық орталықтары бар. Біз жастарға шығармашылық бағыт бойынша көмек бергіміз келеді», — деді Бағдагүл. Бүгінгі күні олардың командасында шешендік өнер мұғалімдері, модельдік өнер және тәжірибелі бейне редакторлары бар.«Startup Bolashak – Менің арманым» стартап-жобалар байқауының нәтижесі жабылу салтанатында жарияланатын болады.