Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет ректоры ғалымды мерейлі жасымен құттықтады

Университет ректоры ғалымды мерейлі жасымен құттықтады

Жұбанов Университеті ғылыми кеңесінің бас хатшысы, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Абылай Мухамбетжан мерейлі 70 жасқа толып отыр. Осыған орай университет ректоры Бауыржан Ердембеков Абылай Жортабайұлын мерейлі 70 жасымен арнайы құттықтап, иығына қазақтың әдемі дәстүрімен шапан жапты. Сондай-ақ, ақшалай сыйақымен гүл шоқтарын табыс етті. Бауыржан Аманкелдіұлы құттықтау барысында 70-тің асуын бағындырған ғалымға зор денсаулық тілеп, Абылай Жортабайұлының университеттің дамуына, білім мен ғылым саласына сіңірген еңбегінің зор екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, университеттің кәсіподақ ұйымы атынан Абылай Жортабайұлына Манкент шипажайына жолдама берілді.