Среда, Май 22, 2019
Басты > Хабарландырулар > Ақтөбе облысы әкімінің атаулы стипендиясын тағайындау туралы

Ақтөбе облысы әкімінің атаулы стипендиясын тағайындау туралы

Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының (№ 02-6/264; 30.04.2019 ж.) хаты бойынша облыс әкімінің атаулы стипендиясына үміткерлер деканаттарға 13.05.2019 ж. дейін төмендегі құжаттарды тапсырады:

1) жеке куәлік көшірмесі;

2) жеке мінездеме;

3) үлгерімі туралы транскрипт түпнұсқасы;

4) әлеуметтік жағдайын растайтын құжат көшірмелері (ескерту: аз қамтылған отбасы студенттері ата-анасының соңғы 6 айы бойынша жалақы жөнінде анықтамасын ұсынулары тиіс);

5) қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін соңғы 3 (үш) жылда алған мадақтаулар қөшірмелері (дипломдар, алғыс хаттар, сертификаттар т.б.);

6) тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелгендігін растайтын құжат көшірмесі (мекен-жай анықтамасы).

Іріктеу өлшемдері

1) Ақтөбе облысында тұрғылықты тіркеуде тұрған студенттер;

2) оқу үлгерімінің оң көрсеткіштері бар және облыстың қоғам өміріне белсене қатысатын жоғары білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімінде оқитын студенттер;

3) жетім, мүгедек, көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан балалары;

4) бірінші және соңғы курс, сондай-ақ облыс әкімінен бұрын стипендия алған студенттер

санатындағы студенттер қаралмайды.