Понедельник, Сентябрь 23, 2019
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов студенттері Түркі әлемі ынтымақтастық саммитіне қатысты

Жұбанов студенттері Түркі әлемі ынтымақтастық саммитіне қатысты

Анкара Хаджы Байрам Вэли Университеті Түрік мәдени қоры академиясының ұйымдастыруымен Түркі әлемі ынтымақтастық саммиті болып өтті. Аталмыш саммитке Жұбанов университетінің  студенттері Айбану Байнақ, Асау Қайрат, Қазбек Жолдасов қатысты.

Саммитінің ашылу салтанатында TÜRKSOY қорының өкілдері, ҚР Түркиядағы Бас Елшісі Абзал Сапарбекұлы, «Түрік оджаклары» басшысы және аталмыш университет профессорлары сөз сөйледі. Ғалымдар өз сөздерінде Түркі дүниясы қарым-қатынастары, мәдени, сауда-саттық, ғылыми байланыстарды атап өтті. Жиында Бас Елші Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Түркия байланысының Тәуелсіздік жылдардан бүгінге дейін атқарылған елеулі істерін баяндады.

Түркі әлемі ынтымақтастық саммиті дәріс, бас қалада саяхат, табиғат аясында демалыс және Болу қаласында орналасқан Абант, Иедигөллер көлдеріне саяхатпен жалғасты. Саммит аясында Ахмет Яссауи Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркиядағы штаб басшысы Мүса Иылдыз «Түркі әлемі және Ахмет Иассауи» тақырыбындағы конференцияда студенттерге дәріс оқыды.  Түріктердің бес мың жылдық тарихын, түркілердің ортақ мирасы  Яссауи тағылымдарын атап өтті. Түркістан қаласында орналасқан қазақ-түрік университеті туралы да тілге тиек етті.
Сондай-ақ, аталмыш шара аясында Анкараның Қызылджахамам ауданында табиғат аясында демалыс ұйымдастырылды. Түркі әлемінен келген жастар арасында түрлі ойындар ұйымдастырылып, жастардың өзара мәдени, ғылыми тәжірибе алмасу үшін еркін мүмкіндіктер жасалды. Сонымен қатар университет студенттер Болу қаласында орналасқан Абант, Иедигөллер көліне саяхат жасады. Болу тауының баурайында саяхат жасады.

Саммит аясында Жұбанов жастары домбырамен ән шырқап, қошеметке бөленді. Саммитке белсене қатысқан студенттерге сертификат табысталды.