Среда, Июнь 26, 2019
Басты > Хабарландырулар > Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

2019 жылдың 10-11 мамыр күндері Жұбанов университеті ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығымен бірлесіп Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының  қолдауымен  «Студенттік спортты ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етудің заманауи проблемалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Конференцияның мақсаты: студенттердің спортын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша ғылыми зерттеулер саласында тәжірибе алмасу және бірлескен бағыттарды іздеу.

Өтетін орны: Жұбанов университеті, «Мәңгілік ел» конференц залы, ағ. Жұбановтар көшесі, 263 үй.

Басталуы: 10:00