Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жұбанов университеті Х-шы жазғы республикалық универсиаданың ашылуына қатысты

Жұбанов университеті Х-шы жазғы республикалық универсиаданың ашылуына қатысты

Бүгін Ақтөбеде алғаш рет Қазақстан Республикасының Х-шы жазғы Универсиадасының ашылуы өтті. Жастар жылы мен Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына арналған шара  14 спорт түрінен өтпек. Универсиаданың ашылу салтанатына еліміздің 60-қа жуық жоғары оқу орындары, оның ішінде Жұбанов университеті де қатысты.

Аталмыш шараға облыс әкімі Ондасын Оразалин, Қазақ спорт және туризм академиясының ректоры Қайрат Закирьянов, ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Садық Мұстафаев қатысып, қатысушыларды ҚР X-шы жазғы Универсиадасының ашылуымен құттықтады.