Четверг, Август 22, 2019
Басты > Жаңалықтар > «Өтежан бұлағы» әдеби кеші өтті

«Өтежан бұлағы» әдеби кеші өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2017 жылғы 19 қыркүйекте Жұбанов Университеті филология факультеті Қазақ әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен өңірімізден шыққан майталман ақын Өтежан Нұрғалиев шығармашылығына арналған «Өтежанның бұлағы атты» әдеби кеш өтті. Кешке филология факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттері мен магистранттары және  әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің маманы А.А.Бисенова қатысты.

Шара барысында жерлесіміз, әдебиетіміздің алтын қорын байытуға үлес қосқан Алаш жұртының айтулы ақыны Ө.Нұрғалиевтің өлеңдері оқылып, ғұмырнамасынан сыр шертетін бейнефильмдер көрсетілді.  Қаламгердің туындыларымен шабыттанған студенттер ақынға арнау жазып, күмбірлеген домбыраның сүйемелдеуімен көрермендер назарына ұсынды.  «Менің махаббатым», «Ақ нөсер», «Ай астында ақбоз үй», «Афина мектебі» секілді жыр кітаптарымен өлең сүйер қауымның сүйікті ақынына айналған Өтежан Нұрғалиевтің шығармашылығына арналған  әдеби кештен алған әсері жас ұрпақ тәрбиесіне зор үлесін қосары сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.