Среда, Май 22, 2019
Басты > БАҚ біз туралы > Биыл 177 студент облыс әкімінің стипендиясын алады

Биыл 177 студент облыс әкімінің стипендиясын алады

Биыл ақтөбелік 177 студент облыс әкімінің стипендиясын алады. Бір реттік шәкіртақының көлемі жоғары оқу орындарының студенттері үшін 160 мың теңгеден. Ал кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының студенттеріне 80 мың теңгеден. Былтыр облыс әкімінің стипендиясына 350 үміткер құжат тапсырған. 156 студент қана шәкіртақыны алған. Үздіктердің бірі Ақылбек Қонысов Жұбанов университетін биыл тәмамдайды. Комиссия Ақылбекке қатысты дұрыс шешім жасаған. Өйткені ол былтыр өз оқу орнының «Үздік студенті», оған қоса, 2018-ші жылдың республика бойынша «Үздік студенті» атағын алған. Болашақ прокурор ақылы негізде білім алып жатыр. Алайда 343 мың теңге оқу ақысының жыл сайын тек 50 пайызын ғана төлейді. Былтыр алған облыс әкімі стипендиясы да отбасына бірталай көмек болған. Қазір құжат қабылдау жүріп жатыр. Шәкіртақы алатын студенттер саны осы жылы ұлғайтылған. 25 миллион 120 мың теңге бөлінді.

http://www.rikatv.kz/kz/news/biyl-177-student-oblys-k-m-n-stipendiyasyn-alady.html