Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет институционалды аккредиттеу рәсімінен өтеді

Университет институционалды аккредиттеу рәсімінен өтеді

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне институционалды аккредиттеу рәсімін өткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің Сыртқы сарапшылар комиссиясының келуі күтілуде. Аккредиттеу рәсімі 2019 жылдың 14-16 мамыр аралығында өтеді.

Мамандандырылған аккредиттеуді 2011 жылы құрылған, ҚР Білім және ғылым министрлігінің аккредиттеу агенттіктер тізіліміне, сонымен қатар 2017 жылдың маусым айында агенттіктердің Білім беру сапасының кепілдігі жөніндегі Европалық тізіліміне (EQAR) енгізілген Аккердиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) жүргізеді.

Сыртқы сарапшылар құрамы: төрағасы – Турткараева Гульнара Баяновна; шетелдік сарапшы – Димитров Димитър Веселинов; ұлттық сарапшы – Тасмағамбетов Әсет Сембайұлы; жұмыс беруші – Құнанова Дәмелі Бақтыгерейқызы; студент – Кереева Таңшолпан Махамбетқызы; АРТА бақылаушысы – Ниязова Гүлияш Балкенқызы.

Сыртқы сарапшылар тобының 3 күндік жұмыс бағдарламасы: ректормен, проректорлармен, құрылымдық бөлім басшыларымен, факультет декандарымен, кафедра меңгерушілерімен кездесу, университет материалдық-техникалық базасымен танысу, профессор-оқытушылар құрамымен, білім алушылармен сұхбаттар, бітірушілермен және жұмыс берушілермен әңгімелесу, жекелеген кафедралар жұмысымен танысу және өткізіліп жатқан емтихандарға қатысу, жатақхана, кітапхана, медициналық қызметпен танысу, сауалнамалар жүргізу және қорытындылау. Аккредиттеу барысында оның миссиясы, мақсаттары мен міндеттері, қызметті жоспарлау мен оның тиімділігі, басшылық және менеджмент, білім беру бағдарламаларының сапасы, профессор-оқытушылар құрам және оқытудың нәтижелілігі, білім алушылардың білім деңгейі, ЖОО-ның ғылыми-зерттеу және қаржы қызметі, материалдық-техникалық базаның, кітапхана мен ақпараттық ресурстардың қазіргі білім беру стандарттарына сәйкес келуі толық бағаланатын болады.