Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жастар саясаты > Университет студенті «Академия жұлдызы» медалімен марапатталды

Университет студенті «Академия жұлдызы» медалімен марапатталды

Ағымдағы жылдың сәуір айының 19-22 аралығында Халықаралық Педагогика және Инновациялық Технологиялар Ғылым Академиясы, «Самғау» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы, «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» Қоғамдық қоры Республикалық және халықаралық деңгейде «Көктемгі от шашу» тақырыбында  көркемөнер байқауын ұйымдастырған болатын. Аталмыш шараға Жұбанов университетінің кәсіби-шығармашылық факультетінің студенттері қатысты.

Байқау нәтижесінде университеттің «Дизайн» мамандығының 1-курс студенті  Диана Нұрмұхан I дәрежелі дипломға ие болды. Сондай-ақ, Диана «Академия жұлдызы» медалімен марапатталды.

Құттықтаймыз!