Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті ұлттық рейтингте төртінші орында

Жұбанов университеті ұлттық рейтингте төртінші орында

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тəуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА) еліміздегі үздік жоғары оқу орындарының биылғы ұлттық рейтингін жариялады.  Рейтингте үш жетістіктерге басты назар аударылады: студенттердің үлгерімі, сарапшылардың бағасы және түлектерге жұмыс берген мекемелердің бағалауы. Одан кейін жоғары оқу орындарын бағыттары бойынша бөліп қарастырады: көпсалалы, техникалық, гуманитарлы-экономикалық.

Рейтингтің қорытындысы бойынша Жұбанов университеті еліміздің үздік университеттерінің TOP-20 қатарында, еліміздегі жоғары оқу орындары арасында ең жоғары позиция — 4 орынды иеленіп отыр.

Жұбанов университетінің ұжымын аккредиттеуден сәтті өтуімен құттықтай отырып, білім беру және ғылыми қызметтің сапасын жақсарту барысында одан әрі табыстар тілейміз!