Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университетте институционалды реаккредиттеу рәсімі өтуде

Университетте институционалды реаккредиттеу рәсімі өтуде

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде 2019 жылдың 14 мамырынан бастап институционалды реаккредиттеу рәсімін жүргізу жөніндегі ҚР АРТА Сыртқы сарапшылар комиссиясы жұмыс жасайды. Сыртқы сарапшылар комиссиясының құрамы: төрағасы – Турткараева Гульнара Баяновна; шетелдік сарапшы – Димитров Димитър Веселинов; ұлттық сарапшы – Тасмағамбетов Әсет Сембайұлы; жұмыс беруші – Құнанова Дәмелі Бақтыгерейқызы; студент – Кереева Таңшолпан Махамбетқызы; АРТА бақылаушысы – Ниязова Гүлияш Балкенқызы.

Бірінші күні, яғни 14 мамырда Сыртқы сараптау комиссиясы университетке келу бағдарламасына сәйкес келесі іс-шаралар жүргізді:

· Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ректорымен кездесу

· Проректорлармен кездесу

· Құрылымдық бөлім басшыларымен кездесу

· ББ жетекшілерімен кездесу (декандармен)

· Университетке шолу жасау

· Кафедра меңгерушілерімен кездесу

· Барлық ББ ПО құрамы.

Сапарының екінші күні АРТА сарапшылар тобы бітіртуші кафедраларға барып, емтихандарға қатысты, қалада орналасқан кәсіпорындар мен мекемелердегі практика базалары мен кафедра филиалдарын аралады. Сонымен қатар білім алушылармен, жұмыс берушілермен және университет түлектермен кездесулер өткізді.

Бүгін, 16 мамыр күні АРТА сарапшылар тобы өздерінің университетке келу сапарын қорытындылап, университет басшылығымен кездесу өткізеді.