Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > 20 мамыр (1936-1995) профессор Мұхтар Арынның дүниеге келген күні

20 мамыр (1936-1995) профессор Мұхтар Арынның дүниеге келген күні

Алматы облысының Ақсу ауданында туған. Алматы мемлекеттік шет тілдер институтын бітіргеннен кейін осы оқу орнының оқытушысы, кафедра меңгерушісі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институтының проректоры, Білім министрлігінің бөлім меңгерушісі болған. 1983 жылдан өмірінің соңына дейін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің ректоры болды. Оның «Неміс тілінің қысқаша грамматикасы», «Неміс тілі грамматикасы» оқулықтары тіл білімі ғылымындағы елеулі табыс ретінде бағаланады. Ол 1989 жылы халыаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылуына ұйытқы болып, Ақтөбе облысындағы «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы ретінде қазақ тілінде оқытатын мектептердің ашылуына көп күш-жігерін жұмсады. Арыновтың ұйымдастыруымен «Ақтөбе өңіріндегі білім беру жүйесінің дамуы» мұражайы, Абай мұражайы ашылды. Оның ұлттық философиялық, дидактикалық, этнографиялық және этнолингвистиклық деректер негізінде жазылған «Бес анық» кітабы қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымын зерделеуге арналған алғашқы еңбектердің бірі, сонымен қатар ұлттық рухтың ерекшелігін көрсететін тіл, дін, салт-дәстүр, тарих, атамекен туралы ой-толғамдары халықтық педагогика пәнінің қалыптасуына негіз болып қаланды. Ол Есет, Көтібар батырлардың, күйші Қазанғаптың тарихи-сәулет кешендерінің бой көтеруіне ұйытқы болды. Әйтеке бидің, кердері Әбубәкірдің өмірі мен шығармашылығын зерттеуге елеулі үлес қосты. Ол ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты ретінде тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясының «Тілдер туралы», «Жоғары білім туралы» заңдарының қабылдау мен талдау жұмысына қатысқан.

http://aktobetv.kz/kz/news/society/20-mamyr-1936-1995-filologiya-gylymynyn-kandidaty-professor-arynov-muhtar-galiuly-duniege-kelgen-kuni