Вторник, Апрель 7, 2020
Басты > Жаңалықтар > «Ақ жол» партиясы Алаш қозғалысының 100 жылдығына арнап мүшәйра жариялады

«Ақ жол» партиясы Алаш қозғалысының 100 жылдығына арнап мүшәйра жариялады

Былтыр ширек ғасырлық мерекесін атап өткен Қазақ Тәуелсіздігін армандап өткен, ата-бабамыз аманат етіп кеткен осындай ұлы жолға өмірлерін арнаған ұлы арыстарымыз құрған Алаш қозғалысы мен Алаш Орда үкіметіне биыл 100 жыл толады.

Бұл айтулы датаны мемлекеттік деңгейде жалпыұлттық мерекеге айналдыруды алғаш қозғаған, Алаш партиясының ізбасары ретінде қайрат танытып келе жатқан «Ақ жол» партиясы екені белгілі. «Ақ жол» енді осы атаулы мерекеге арналған «Алаш арманы – Тәуелсіз Қазақ Елі» атты халықаралық мүшәйра жариялайды.

Мүшәйраның мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі келбеті мен мемлекеттігіміздің негізі болып табылатын алғашққы заманауи саяси Алаш партиясы мен «Алаш Орда» үкіметінің арыстарына тарихи баға беру; жас ұрпақты патриоттық-тағылымдық тәрбиеге баулитын Тәуелсіз Қазақстанның «Мәңгілік ел» ұлттық идеясынан туындайтын Қазақ тарихындағы қалдырған ізі зор қайраткер тұлғалардың ерен еңбектерін жырлау; рухани ұлттық мұрамыз бен елдік-ерлік құндылықтарымызды ұлықтау.

Мүшәйраға бұрын жарияланбаған кемінде 2 өлең немесе толғаулар мен дастандар, поэмалар қабылданады.

Бас жүлде біреу – 700 000 теңге.

Бірінші орын біреу – 500 000 теңге.

Екінші орын екеу – 400 000 теңгеден.

Үшінші орын үшеу – 300 000 теңгеден.

Арнаулы сыйлықтар бесеу– 200 000 теңгеден.

Шығармаларды қабылдау мерзімі 2017 жылдың 1 қазанына дейін ұзартылды.

Авторлар А4 пішімді 1-ші конвертке бүркеншік атымен жазылған шығармасының компьютерге басылған үш данасын және электронды нұсқасын жолдайды. 2-ші кіші пішімді конвертке автордың шын аты-жөні, 6х9 фотосуреті, мекенжайы, телефондары, эл.поштасы жазылып, аузы бекітіліп, ол 1-ші конвертке салынады.

Қабылдау орындары: Астана қаласы, Сарайшық к-сі 11, 5-офис. «Ақ жол» партиясының орталық кеңсесі, 8-7172-602-682, akzholpress@mail.ru Алматы қаласы, Қалқаман ықшамауданы-3, К.Сейітов к-сі 11, «Қазақ үні» газеті редакциясы, тел 8-727-398-57-31, qazaquni@mail.ru. Мүшәйра жүлдегерлері мен іріктелген жырлар «ТҰРАН» баспасынан жеке кітап болып шығады.

Ескерту: Жүлдегерлер Астана немесе Алматы қаласына келіп-кету жол қаржысы мен жатар орны шығынын өздері көтереді. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.

Ұйымдастыру алқасы

qazaquni.kz

источник