Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттік шағын футбол ойыншылары марапатталды

Студенттік шағын футбол ойыншылары марапатталды

Бүгін Жұбанов университетінде шағын футболдан  «ARSU League 2019» турнирі өз  мәресіне жетті. Кіші футбол лигасы студенттер арасында спорттық шеберлікті арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 2019 жылдың наурыз айында «ARSU League» студенттік шағын футбол құрылған болатын. Үш айға  жуық уақыт бойы Жұбанов университеті қабырғасында өткен  кіші футбол лигасына 100-ге жуық студент қатысты. Тартысты бәсекеде «мықты» атағы үшін 10 команда бақ сынасты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алғашқы аймақтық чемпионат жоғары деңгейді өтті. Барлық спортшылар өздерінің дағдыларын көрсетіп, жақсы нәтижеге қол жеткізе білді.

Спорттық шара қорытындысында кәсіби-шығармашылық факультеті «PTF EMPIRE» командасы 1-орынға, техникалық факультеті «ATHETIC» командасы 2-орынға,  экономика және құқық факультеті «CITYZEN» командалары ІІІ орынға  ие болды. Сондай-ақ, техникалық факультеті «ATHETIC» командасынан Тұрар Тәңірбергенов «Үздік бомбардир» және Айбар Шурин «Үздік қақпашы» болып танылды. Ал, «Үздік ойыншы» атағы әлеуметтік желіде дауыс беру арқылы анықталып,  оған «CITYZEN» командасының ойыншысы Ислам Дүйсенбаев ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға университет ректорының дипломдары, тиісті медальдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Марапаттау соңында лиганың негізін қалаушы, экономика және құқық факультетінің 4-курс студенті Әлихан Кенжеғалиев сөз сөйлеп, «Университеттің басшылығына берген қолдауына алғысымды білдіргім келеді», — деді.