Четверг, Август 22, 2019
Басты > Халықаралық байланыс > Жұбанов университеті қайырымдылық көмек көрсетеді

Жұбанов университеті қайырымдылық көмек көрсетеді

Бүгін «Өнер орталығында» Ақтөбе қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына арналған «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық аукцион-концерті өтті.

Осы шараға Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов және университет ректоры Бауыржан Ердембеков  қатысты.

Шараның мақсаты – қалада жүргізіліп жатқан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік-патронаттық қолдау жұмысы нәтижелерін қорытындылау.

Жыл басынан бері облыс көлемінде аталып өткен қайырымдылық іс-шараларының ауқымы кең. Шарада өңірдің танымал әншілері мен мәдениет майталмандары өнер көрсетіп, мерекелік концертке өз үлестерін қосты.  Сондай-ақ, бұл  шарада қайырымдылық көрсетуден Жұбанов университеті де  тыс қалмады. Онда университет ректоры Құдайберген Жұбанов атындағы 5 білім грантын қаладағы  5 мектептің түлегіне тапсырды. Олар жыл бойы  университетте тегін оқуға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, қайырымдылық концерттен және өткізілген аукционнан түскен қаражат сертификаттары, жетім балалардың демеушілеріне Алғыс хаттар табысталды.