Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Славян жазбасы және мәдениеті күні филология факультетінде аталып өтті

Славян жазбасы және мәдениеті күні филология факультетінде аталып өтті

24 мамыр күні бүкіл әлемдік жұртшылық славян жазбасын жасаған ағайындарға – Кирилл мен Мефодияға арналған мерекені атап өтеді. Славян әдебиетінің және мәдениетінің дәстүрлі мерекесі филолология факультетінде де өткізілді. Жыл сайын ұйымдастырылатын «Славян базары» мерекесіне студенттер мен оқытушылар жиналды. Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының доценті Г.И.Унгарбаева құттықтау сөз сөйледі, ол барлықтарын мерекемен құттықтап қана қоймай, болашақ филологтар үшін орыс тілі тарихын оқытудың маңыздылығы туралы айтты. Мерекеге академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша біздің университетте оқыған Ақтау және Набережные Челны (Ресей) 2 курс студенттері шақырылды. Оларға естелік кәдесыйлар берілді.

«Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 курс студенттері куратор Т.А.Садретдинованың жетекшілігімен қызықты мәдени ойын-сауық бағдарламасын дайындады: өлеңдер оқып, славян әліпбиінің негізін қалаушылардың қызметін дәріптейтін слайдтар көрсетті, орыс халық әндерін орындады, лингвистикалық викторинада орыс тілі мен ескі славян жазуының тарихы бойынша өз білімдерін көрсетті. Іс-шара мерекелік дастархан басында, жылы атмосферада өтті.

Филология факультеті