Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Славян мәдениеті мен жазбасы күні аталып өтті

Славян мәдениеті мен жазбасы күні аталып өтті

24 мамырда аталып өтетін Славян мәдениеті мен жазбасы халықаралық мерекесі (әулие Кирилл мен Мефодия күні) Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы ассамблеясында қазақтың күйі, орыстың здравницасымен әуендетіп, қазақтың бауырсағы мен орыс каравайымен думандатып атап өтті.

Жоғары меймандардың қатарында Ресей Федерациясының Орал қаласындағы вице-консулы Владимир Волков болды.

«Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытгүл Снабаева қонақтарды Ақтөбе облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысымен таныстырып өтті.

Одан кейін «Қазақстандық қоғамдағы орыс тілінің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге Орал қаласындағы РФ вице-консулы В.А.Волков, «Қоғамдық келісім» КММ директоры Б.А.Снабаева, «Славяне» АРЦ төрағасы В.В.Гуменный, облыстық ЭКО өкілдері, қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі, «Жаңғыру жолы» РМД өкілдері, Ақтөбе қаласы мектептерінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері, колледждер мен ЖОО оқытушылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар қоғамдағы орыс тілінің рөлі туралы өзекті мәселелерді талқылады. Жиналғандардың алдында Орал қаласындағы РФ вице-консулы В.А.Волков және «Қоғамдық келісім» КММ директоры Б.А.Снабаева құттықтау сөз сөйледі. Дөңгелек үстелде Жұбанов университетінің «Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының доценті Г.И.Унгарбаева  «Қазақстан  Республикасындағы орыс тілінің рөлі туралы»  баяндама жасады.

Облыстық ҚХА жанындағы «Славяне» Ақтөбе өңірлік орталығының 2019 жылғы  қызметі туралы аталмыш этномәдени бірлестіктің төрағасы Владимир Гуменный баяндап берді.

Оның ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта ЭМБ жанында «Русская песня» халықтық хоры, «Радуга Престиж» халықтық би ұжымы, «Купава» фолк-модерн тобы, «Коляда» фольклорлық ансамблі, «Ладушки» фольклорлық ансамблі, «Алые паруса» театр студиясы, «Сударушки» вокалдық тобы, қоян-қолтық ұрысты оқыту бойынша «Русский стиль» спорт секциясы, «Ирбис» іздеу жасағы жұмыс жасайды.

Айта кетейік, славян мәдени орталықтарының өкілдері Жұбанов университетінің филология факультетінің студенттері жыл сайын 24 мамыр күні өткізетін «Славян базарының» тұрақты қонақтары болып табылады. Доцент Г.И.Унгарбаеваның баяндамасында университетте тіл мұғалімдерінің кадрлық дайындығы, жастардың функционалдық сауаттылығы, жалпы орта білім беретін мектептерде жаңартылған бағдарлама, Қазақстандағы орыс тілінің рөлі мәселелері жайында баяндады.

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты»  ММ  «Қоғамдық келісім»  КММ атынан директор Б.А.Снабаева естелік кәдесый және Орал қаласындағы РФ вице-консул В.А.Волковқа алғыс хат тапсырды. Сондай-ақ,  университет доценті Г.И.Унгарбаева және өзге де жоғары оқу орындарының оқытушылары  да алғыс хаттармен марапатталды.

Одан әрі атаулы күнге байланысты шара ҚХА ғимаратының акт залында   «Ақтөбе өңірлік «Славяне» орталығының, украиндардың «Оксана», сығандардың «Дэш» этномәдени бірлестіктерінің қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен жалғасты.