Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Дуальды оқыту жүйесі университетте жақсы нәтиже беруде

Дуальды оқыту жүйесі университетте жақсы нәтиже беруде

Жұбанов университетінің «Дизайн» кафедрасында 2015 жылдан бастап теория мен практиканы  ұштастыру және жақсарту мақсатында  дуалды оқыту жүйесі енгізілген.

Дуалды оқытуды ұйымдастыру бойынша «Құрылыс консалтинг» ҰО Акционерлік қоғамы, «Trend Company» жауапкершілік шектелуі серіктестігі, «Айшора» жауапкершілік шектелуі серіктестігі студияларында білім алушыларға кәсіпорындар өкілдерімен ақпараттар, дөңгелек үстелдер өткізу дәстүрге айналған.

2018-2019 оқу жылында педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлнар Сибагатованың және «Айшора» ЖШС студиясының меңгерушісі Гүлжан Умарованың, «Trend Company» ЖШС фирмасының директоры Қ.М.Сағынтаевтың және «Дизайн» кафедрасының аға оқытушысы  Юлия Кузнецованың жетекшіліктерімен сабақ кестесіне сәйкес филиал  базаларында «Материалтану», «Бұйымды кешенді жобалау» және «Костюмды дайындау технологиясы», «Салалық дизайн нысандарын жобалау» сияқты пәндерден «Дизайн» мамандығының 2,4 курс студенттеріне тәжірибелік-бағытталған сабақтар өткізілді.

Осы практикалық сабақтар барысында студенттер нақты практикалық жағдайда білімдерін бекіту, кәсіби дағдыларды қалыптастыру, болашақ дипломдық  жұмыстарын жобалау үшін зерттеулер жүргізу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, жоғарыда аталған   пәндер бойынша кәсіпорындар жетекшілерімен бірлескен пікірталастар мен  дефилелер өткізілді.

Дизайн кафедрасы