Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің колледжіне бір жыл

Жұбанов университетінің колледжіне бір жыл

Жұбанов университетінің Жоғары колледжінде «Жоғары колледжінің:  батыл қадамы,  самғау сәті,  өрлеу биігі»  атты   1 жылдық мерейтойы аясында жас ерекшелігі 21-ге дейінгі спортшылар арасында №1 спорт кешенінде шағын футболдан «Алтын доп» сайысы өтті. Шағын футбол қала  колледждері арасында ұйымдастырылды. Оған Жұбанов университетінің Жоғары колледжі, Ақтөбе гуманитарлық колледжі,  Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі, Ақтөбе автожол колледжі, Ақтөбе ауылшаруашылық Жоғары колледжі қатысты.

Спорт жарысы  Жастар жылы мен  Елбасының саясатын жүзеге асыру, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу мақсатында өтті.

Мерейтойды кіріспе сөзімен ашқан Үздіксіз білім беру институтының директоры Гүлбану Такишева айтулы шараға сәттілік тіледі.

Спорт кешеніне жиналғандар алдымен Жоғары колледждің «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының білім алушыларының спорттық көрінісін тамашалады.

Жарыс топқа бөліп ұйымдастырылды. Ойын нәтижесінде 1-орынды Жұбанов университетінің Жоғары колледжі иеленсе, 2-орын «Ақтөбе ауылшаруашылық Жоғары колледжіне,  ал 3-орын Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінің еншісіне бұйырды.

Сондай-ақ «Үздік ойыншы» номинациясына Ақтөбе ауылшаруашылық Жоғары колледжінің білім алушысы Нұрбек Жұмабек,  «Үздік қақпашы» номинациясына Жұбанов университетінің Жоғары колледжінің білім алушысы Нұрбол Жұмабаев, «Үздік шабуылшы» номинациясына Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінің білім алушысы Еркебұлан Отарғалиев ие болды.

Барлық жеңімпаздар  29 мамыр күні Студенттер сарайында мерейтойдың жабылуында медальдармен, грамоталармен және кубоктармен марапатталады.