Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Оқырман бенефисі өтті

Оқырман бенефисі өтті

Жұбанов университетінің Жоғары колледжінің «Жоғары колледждің: батыл қадамы, самғау сәті, өрлеу биігі» 1 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Әдеби кейіпкерлер әлемі» атты оқырман бенефисі өтті.

Аталмыш шараның мақсаты – білім алушылардың  көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, кейіпкерлер бейнесін анықтап, тануға баулу. Оқырмандарды көркем шығармалар оқуға шақыру, кітап рухани байлық екенін ұғындыру, кітапханашымен оқырман арасындағы ізгі байланысты жандандыру.

«Әдеби кейіпкерлер әлемі» оқырман бенефисін Үздіксіз білім беру институтының директоры Гүлбану Такишева алғы сөзімен ашты. «Көркем шығарма — адам тәрбиелейтін басты әрі қуатты құрал. Ол адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады. Кітап оқу арқылы адамның мінез-құлық нышандары өзгереді» , — деді.

Шараға қатысушылар Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы қойылымын, кітап көрмелері мен  слайд, бейнематериалдарды тамашалады.

Жоғары колледж