Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Тілдер фестиваліне дайындық жалғасуда

Тілдер фестиваліне дайындық жалғасуда

Жұбанов Университетінде 2017 жылдың  22 қыркүйегінде ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы халықтарының «Тілдер күні» мерекесіне арналған Тілдер фестиваліне шет елдерден сұраныстар келіп түсуде.  Бүгінгі таңда Башқұрт мемлекеттік университеті, «Шығыстану және башқұрт тілі» факультетінің доценті бастаған бір топ студент өздерінің мақалаларын жолдап, Тілдер фестиваліне қатысуға тілегін білдірді. Сондай-ақ, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті студенттері онлайн режимінде байланысқа түсіп презентацияларын жасауға, Екатеринбург қаласындағы Орал мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері Ақтөбе қаласына келіп, аталмыш шараға атсалысуға ниетті.  Қатысушылар таңдаған тақырыптар сан алуан: бірі қытай тілінің табиғатын зерттесе, екіншісі араб тілінің сырларын ашуға тырысқан. Сонымен қатар корей, түрік, башқұрт, татар тілдерінің ерекшелігі мен қайталанбас келбетін танытуға бағытталған ғылыми жұмыстар да бар. Бұл – Тілдер фестивалінің ұлттар достастығын нығайтып, мәдениетаралық қарым-қатынасты тереңдете түсетін ерекше сиқыры десек болады.