Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттер ашық есік күніне қатысты

Студенттер ашық есік күніне қатысты

Үстіміздегі жылдың 28 мамыр күні Жұбанов университетінің 3,4-курс студенттері  «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ  ұйымдастырған Жастар жылына арналған «Жас маманның еңбек жолы» тақырыбындағы ашық есік күніне қатысты.

Шараға  Жұбанов университетінің техникалық факультеті, жаратылыстану факультеті,  экономика және құқық факультетінің 40-қа жуық студенті және кәсіби даму және мансап орталығының жетекшісі Бақытгүл  Ертлеуова, жетекшілер Майра Жұбаниязова, Райгүл Орынбасарова Джамиля Шакеева  қатысты.

Ашық есік күнінде «Октябрьмұнай»,  «Кеңқияқмұнай» мұнай өндіру басқармасының, «Жаңажол» мұнайгаз өндіру кешенінің, «Ақтөбеэнергомұнай» басқармасының, Мұнайгаз кен орындарын игеру бойынша ғылыми-зерттеу институтының, ЕҚД мен жастар комитетінің өкілдері ақпараттық стендтер мен көрнекі материалдарын ұсынды.

Аталған жиын «Шикі мұнай мен ілеспе газ өндіру», «Мұнай мен газды дайындау және өңдеу»,  «Электр энергиясын өндіру және өндірістік нысандарды электр энергиясымен қамтамасыз ету», «Мұнайгаз кен орындарын геологиялық барлау және игерудегі жобалау-іздестіру жұмыстары», «Еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және ТЖ», «Еңбек қорлары» тақырыбында 6 бағыттағы секциялар бойынша  жұмыс жасады.

Сондай-ақ, университет студенттері мекеме өкілдеріне компания қызметі, бағыттары және әлеуметтік бағдарламалары туралы сауалдарын жолдады.

Айта кетейік, бұл шараны «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ алғашқы рет ұйымдастырып отыр. Бұл шараның әрі қарай дәстүрге айналатынына сеніміміз мол.

Кәсіби даму және мансап орталығы