Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Сот төрғасы студенттермен кездесті

Сот төрғасы студенттермен кездесті

Жұбанов университетінің экономика және құқық факультетінде Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Сәкен Абдолла «Құқықтану» мамандығының 1-курс студенттерімен кездесті.  Кездесуге университет ректоры Бауыржан Ердембеков, факультет деканы Аслан Тасмағанбетов, «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Ақылбек Нұрлин және профессор-оқытушылар, студенттер  қатысты.Кездесуде қатысушылар болашақ заңгер  мамандарды кәсіби даярлау мәселелерін,  сондай-ақ кәсіби заң білімін жетілдіру мақсатында Ақтөбе облыстық соты мен Жұбанов университетінің  ынтымақтастығының ықтимал  нысандарын талқылады.

Кездесуде сот төрағасы Сәкен Абдолла судьялар мен заңгер-оқытушылардың бірлескен іс-шараларды жоспарлау және өткізу үшін өзара іс-қимыл жасау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, кәсіби заңгерлердің: прокурордың, судьяның, адвокаттың — оқу процестерін жүргізу үшін, сот отырысы хатшыларының, сот кеңсесі қызметкерлерінің  сот іс өндірісі саласында кәсіби дағдыларды қалыптастыру үшін қатысу мүмкіндігін белгіледі.

Басқосу соңында университет ректоры Бауыржан Ердембеков  қонаққа алғысын білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.

Экономика және құқық факультеті