Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Филологтар дөңгелек үстелде бас қосты

Филологтар дөңгелек үстелде бас қосты

Жұбанов университетінің «Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасы мен  Орынбор мемлекеттік университетінің Славян тілдері мен мәдениеті орталығының «Орыс филологиясы  және орыс  тілін оқыту әдістемесі» кафедрасының  бірлескен халықаралық ғылыми  іс-шаралары аясында «Славян тілдері мен әдебиетінің өзекті мәселелері» атты халықаралық студенттік вебинары өтті.

Вебинарда Жұбанов университетінің   филология факультетінің «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері Аяжан Бисенғалиева «Қазақстан Республикасындағы орыс тілінің рөлі»  және Әсем Нигметова «Ақтөбе облысының көптілді кеңістігіндегі орыс тілі» баяндама жасады.

Сонда-ақ, вебинарда Орынбор мемлекеттік университетінің қатысушылары Альбина Авдеева «Орыс ертегідегілеріндегі  этикалық түсініктер орыс ойының негізі ретінде», Елена Краснова  «Орыс романдарын ұйымдастырудағы кеңістік пен уақыт», орыс тілі мен әдебиеті мамандығының 4-курс студенттері  Полина Манцерова  «Мақал мен жаңылтпаштардағы «даналық»  тұжырымдамасының семантикалық ерекшеліктері» және Екатерина Кириллишева  «Бұқаралық ақпарат құралдарында прецедент атауларды пайдалану» баяндама жасап,  олардың талдаған тақырыптары студенттер арасында ерекше қызығушылыққа ие болды.

Вебинар соңында қатысушылар сұрақтарына жауап алып, өзара пікір алмасты.  Славян тілдері және мәдениет орталығының директоры филология ғылымдарының кандидаты, ОМУ доценті Н.М.Дмитриева халықаралық студенттік вебинарды ұйымдастырғаны үшін арнайы алғысын жеткізді.

 

Динара Бекниязова,

Филология факультеті