Четверг, Март 28, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жұбановтан-Абайға

Жұбановтан-Абайға

«Жұбановтан — Абайға». Ақтөбелік ғалымдар мен студенттер ғылыми-танымдық экспедиция бастайды. Маусымның 1-інде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушылары бастап Семейге жол тартады. Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарындағы тарихи, киелі жерлерді аралап, бейнематериал жасайды. Экспедиция оқу орынының 85, Абай Құнанбаевтың 175 жылдықтарына орай ұйымдастырылған.Экспедиция құрамында 7 адам бар. 9 күн бойы профессор, оқытушылар мен магистрлар рухани мұраларды аралап, зерттеу жүргізеді. Нұр-Сұлтан қаласында Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне, ЭКСПО-2017 көрмесінің ғимаратына, ҚР Тұңғыш Президенті музейі мен елбасы кітапханасына барады. Семейде Абай ескерткіші, Тінібай мешіті, Ахмет Риза мешіт-медресесі мен Ямышев қақпасын аралайды. Ал, Қарқаралыда Құнанбай салдырған мешітке, Мәди үңгірі және Қарқаралының Шайтан көлі мен тауларын аралайды. Университет делегациясы Абай Құнанбаевтың мұрасын талқылап, зерделеуге арналған бірнеше шараға қатысамыз деп жоспарлап отыр.

http://www.rikatv.kz/kz/news/zh-banovtan-abay-a.html