Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттердің халықаралық академиялық ұтқырлығы  

Студенттердің халықаралық академиялық ұтқырлығы  

Жұбанов университетінің студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша түрлі Халықаралық бағдарламалардың белсенді қатысушылары болып табылады.

2018 – 2019 оқу жылының екінші жарты жылдығында Қазан федералдық университетінің студенттері Айгерім Түгелова мен Николь Ли академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Қазақ технология және бизнес университетінен (Нұр-Сұлтан қаласы) студент Гүлзат Ихтиярова Жұбанов университетіне келді. Олардың айтуынша, Жұбанов университетінде деңгейлі білім алып, ARCHICAD кәсіби бағдарламасын меңгеріп, экслибрис үйірмесіне қатысып, корей және қытай тілдерін үйренді.

Сондай-ақ, халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Жұбанов университетінің «Дизайн»  мамандығының 4-курс студенті Кристина Барболина бір семестр бойы Қазан федералдық университетінде білім алды және аталған мамандықтың 2-курс студенті Аяжан Ршатова бір семестр бойы Түркияның  Хаджитеппе университетінде «графикалық дизайн» мамандығы бойынша кәсіби білімін жетілдірді.

«Дизайн» кафедрасының жетістіктері университет ректоры Бауыржан Ердембеков бастаған жоғары оқу орны басшылығының қолдауымен және университеттің барлық құрылымдарының үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болғанын айта кеткен жөн. Күні бүгінде  Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттерге тек Қазақстанның жоғары оқу орындарында  ғана емес, басқа да елдерде  тегін білім алуға мүмкіндік беріліп отыр.

«Дизайн» кафедрасы