Вторник, Июнь 2, 2020
Басты > Жаңалықтар > Оқытушыларға арналған аймақтық семинар

Оқытушыларға арналған аймақтық семинар

Жұбанов университетінің Педагогика факультетінде «Жаңартылған білім беру мазмұны контексінде критериалды бағалауды меңгертудің жолдары» атты аймақтық әдістемелік семинар  өтті. Семинар жаңартылған білім беру мазмұны негізінде критериалды бағалаудың ерекшеліктерін, тиімділігін   меңгерту мақсатында өтті.

Семинарға Алға, Шалқар аудандарының, Новый орта метебінің мұғалімдері, университет факультеттерінің оқу-әдістемелік кеңес төрайымдары, факультет оқытушылары қатысты.

Басқосуда «Мектепке дейінгі және арнаулы білім» кафедрасының меңгерушісі Клара Туребаева «Оқушының оқу жетістігін критериалды бағалаудың тиімділігі» тақырыбында баяндама жасады.

Өз кезегінде Алға мектеп гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Салтанат Жакупова баяндамасында: «Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек. Қазіргі заман талаптарына сәйкес қазіргі мектеп «білімді тұлға», яғни білім, білік пен дағдылары қалыптасқан  жеке тұлғаны дайындаумен ғана  шектеле қоймай, «өмірдің өзгерістеріне дайын болатын», белсенді және шығармашыл ойлайтын, интеллектуалды және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дайындау тиіс. Бұл деген мектептегі білім берудегі жаңа моделінің құрылымы  әдеттегі дәстүрлі «Мектепте нені оқу керек?» емес, «Мектепте не үшін оқу керек?» деген мән мәтін аясында өрістелуі тиіс. Сондықтан қазіргі уақытта дайын білімдерді игеру мен жалпылау мақсат емес, ол адамның интеллектуалды дамуының көмекші құралы болып табылады», — деп, жаңартылған білім бағдарламасы бойынша критериалды бағалау жүйесіне тоқталды.

Семинардың міндеті — оқу-тәрбие үдерісінде заманауи технологияларды нәтижелі ендіруге бағыттау;  оқытушылардың ақпараттық-коммуни  кациялық технологияларды пайдалану дағдыларын дамыту, оқу-әдістемелік және зерттеу және психологиялық қызметттерін ұйымдастыру;  жас  мамандардың  алған  білімдерін қолдана білуге, талдау және жинақтау  дағдыларын меңгеруге, өз әрекеттерін бағалауға үйрету.

Семинар жұмысында қатысушылар жаңартылған білім беру мен критериалды бағалауды сабақта қолдану тәселдерін, шебер сағаттарын көрсетті.